Жаңалықтар

«Колледжде ұрлықшы болды»: Желіде Перизат Қайрат туралы тың ақпарат тарады

фото: ашық дереккөзден

Cу тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген “Biz birgemiz” қорының негізін қалаушы Перизат Қайратты қаралайтын деректер әлеуметтік желіде таралып кетті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты. 

Соның бірі – Перизаттың өзі оқыған колледж жатақханасында телефон ұрлап, оқудан шыққаны туралы ақпарат тарады. “Маңғыстау өнер колледжі” мен Эстрада-цирк колледжіне желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін айтты. “Маңғыстау өнер колледжі” МКҚК Қасенғалиева Перизат Қайратқызының оқу орнына 2006-2007 оқу жылы “Хорда дирижерлік ету” мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданғанын мәлімдеді. Кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне ауысып кеткен.
Алайда оның басқа оқу орнына не себепті ауысып кеткенін айтудан бас тартты.

Екі оқу орнында да Перизат Қайрат бір жыл, бір жылға жетпейтін уақыт оқыған.

Сондай-ақ Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжі Перизат Қайраттың оқудан шығып қалғанын растады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close