Мәдениет

Димаш Құдайберген челлендж жариялады

Фото:

15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді, деп хабарлады qandastar.kz

Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.

Шарттары:

  • Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек
  • TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау
  • Хэштег: #TauIshindeChallenge
  • Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді.

Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады.

Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close