Жаңалықтар
«Ауруханада күзетіп отырмыз». Талғарда тағы атыс болды

Алматы облысы, Талғар ауданында атыс болғаны хабарланды, деп жазды qandastar.kz сайты.
Әлеуметтік желіде 8 мамыр күні Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылында атыс болғаны жайлы ақпарат т
Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Ауруханаға жатқызылған төрт күдікті күзетте отыр. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полициядан.
Іздеудің әлі жалғасып жатқаны белгілі болды:
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Барлық кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады, – деп атап өтті Алматы облысының полиция департаменті.