Жаңалықтар
«Ажырасып, екінші байға тиген әйел»: Баланың тұсауын кескен Баян Алагөзова сынға ұшырады

Баян Алагөзова баланың тұсауын кесіп, әлеуметтік желіде пікірталас тудырды, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.
Белгілі продюсер Баян Алагөзова қатысқан тұсаукесер тойынан видео желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды. Көптеген қолданушылар бұл әрекетке қатысты түрлі пікір білдірді.
Кейбір желі қолданушылары Алагөзованың бұрын ажырасқаны мен қайта тұрмысқа шыққанын алға тартып, оның тұсау кесуі дұрыс емес деген ой айтты. Олар: «Бұған тұсау кестіруге болмайды», «Салтты білмейтін қазақтар», «Тұсау кескенде жіпті аяқта қалдыру керек еді» деген сынды сыни пікірлер қалдырған.
Алайда, продюсерді қолдап жатқандар да бар. «Баян бәрібір пысық», «Бақытты ғой, екінші күйеуімен де жарасымды», «Алла бағын аша берсін» деп оң көзқарас танытқандар да көп болды.