Жаңалықтар
1972 жылы ұшырылған кеңестік «Космос-482» ғарыш кемесі Жерге құлады

Фото: Борис Кавашкин / ТАСС
1972 жылы Венераға ұшырылған кеңестік автоматты планетааралық «Космос-482» ғарыш кемесі Үнді мұхитына құлады, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Роскосмосқа сілтеме жасап хабарлайды.
Роскосмос мәліметінше, ғарыш кемесі құлаған соң, өз қызметін тоқтатты.
«1972 жылы ұшырылған «Космос-482″ ғарыш кемесі орбитадан шығып, Үнді мұхитына құлап, өз қызметін тоқтатты», – делінген хабарламада.
Құрылғы Астана уақытымен сағат 11:24-те Орта Андаман аралынан батысқа қарай 560 шақырым жерде атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, Джакартаның батысындағы Үнді мұхитына құлаған.
«Космос-482» ғарыш станциясы 1972 жылдың көктемінде Венераны зерттеу үшін ұшырылды. Ол конструкциясы, борттық жүйелерінің құрамы және ғылыми аппаратурасы жағынан Венера-8 станциясын қайталады. Бірақ күшейткіш қондырғының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты құрылғы планетааралық траекторияға енбей, жоғары эллиптикалық орбитада қалып, бірте-бірте Жерге жақындады.