Жаңалықтар
Алаяқтарға алданған Нұрғали Нүсіпжановқа екі бөлмелі пәтер берілді

Астаналық кәсіпкер Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы журналист Айнұр Омар өз парақшасында хабарлады.
«Біздің елдің жігіттері – жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, тегтеп қойыңыздаршы, азамат екен!!!», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжановпен кездескен Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжанов жер үй сатып алуға жинаған ақшасын алаяққа беріп қойып, өзі пәтерде жүргенін хабарлаған болатын.