Жаңалықтар

Қазақстанда танымал Taobao платформасы іске қосылды

Қытайдың танымал онлайн сауда платформасы Taobao орыстілді мобильді қолданбасын ұсынып, бүгін Қазақстанда ресми іске қосылғанын жариялады. Бұл туралы qandastar.kz сайты хабарлайды.

Taobao қазақстандықтарға тауарлардың егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынып, бағасын теңгемен есептеп береді. Қазір Taobao желісінің бүкіл Қазақстан бойынша 200-ден астам қабылдау пункті бар. Алматы, Астана және еліміздің басқа өңірлерін қамтиды.

Taobao – шағын бизнеске және “тұтынушы-тұтынушыға” моделі бойынша сауда-саттыққа бағытталған Қытай интернет дүкені. Интернет дүкен сатып алушы мен сатушы арасында делдал ретінде әрекет етеді. Taobao-ны Alibaba Group компаниясы жасап шығарған. Бұл иентернет дүкенде киім-кешектен тұрмыстық техникаға дейінгі өнімдердің кең ассортименті ұсынылған.

Similarweb мәліметтері бойынша, ай сайын 172 миллион пайдаланушыны қамтитын интернет дүкен әлемдегі ең көп кіретін сайттар арасында 123-орында тұр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close