Жаңалықтар
«2023 жылдан бері алысып келемін»: Жұлдыз Әбдікәрімова күрделі ем жасатып жүргенін айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында оқырмандарына немен айналысып жүргенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
«Мен сол тістің жырымен жүрген жайым бар. Жұлдыз, сәл шыда, аз-ақ қалды деп жүрмін. Қай этапқа келгенімізді көрсетейін. Бірақ шошып кетпеңіздер», — деді ол.
Айтуынша, екі жылдан бері жақ сүйегімен алысып жүр екен.
«2023 жылдан бері жақпен алысып келеміз. Мен де қайтпаймын, жақ та шаршамайды. Фиништің ауылы алыс емес. 2026 жылы бітеді, дейді-мыс», — деп жазды актриса желіге суретін жүктеп.