Жаңалықтар

Барлығы лас, айнала нәжіс: Шымкентте тыл ардагері сұмдық жағдайда өмір сүруде

«Барлығы лас пен нәжісте»: Шымкентте тыл еңбегінің ардагері адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған бейнажазбада ардагердің антисанитария жағдайында тұратыны байқалады. Шымкент қаласының тұрғыны Мария Пономарёва есімді тыл ардагері қария өте ауыр жағдайда өмір сүріп жатқаны анықталды.

Тараған видеода оның ластанған пәтерде, жәндіктермен қоршалған күйде күн кешіп жатқаны көрінеді.

Волонтерлердің айтуынша, кейуананың зейнетақысын өз атына рәсімдеген апасы бар, ол Марияны қарттар үйіне орналастырудан бас тартқан.

Сонымен қатар, оның қарт туысына дұрыс күтім көрсетпейтіні көзге көрініп тұр.

Қоғамда үлкен наразылық туғызған жайт — 9 мамыр қарсаңында Мария Пономарёваға медаль мен ақшалай көмек табысталғанымен, ол қаражаттың тікелей өзіне емес, апасына берілгені болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close