Жаңалықтар

Тоқаев туралы 8 қызықты дерек: Елдің жаңа кезеңі мен реформалар

Фото: ашық дереккөз

17 мамыр – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Осы күнге орай Qandastar.kz сіз білмеуіңіз мүмкін 8 қызықты деректі ұсынады.

  1. Жазушының ұлы жазушы болмады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – әйгілі жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев. Бірақ Президент жолын әдебиеттен емес, дипломатиядан тапты. Десе де, өзі де бірнеше кітаптың авторы.

  1. 5 тілде еркін сөйлейді

Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі. Оны халықаралық мінберде сөз сөйлеген кезде байқайсыз – акцентсіз, нақты, тіпті риторикасы да тартымды.

  1. Дипломатия академигі

Тоқаев  Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Кейін БҰҰ-да жұмыс істеді. Қазақстанда Сыртқы істер министрі болған жылдары ел дипломатиясын жаңа деңгейге шығарды.

  1. Тыныштықты ұнатады

Президент туған күнін тойлауды ұнатпайды. Бұл туралы өзі: «Мен үшін бұл – ойға шомып, өз-өзіңмен үнсіздік орнататын күн» деп айтқан.

  1. Қалам мен қағаз досы

Тоқаев – мемлекет басшысы ғана емес, публицист. «Судьба и личность», «Беласу», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» сияқты еңбектері бар.

  1. Екі мәрте Президент

Алғаш 2019 жылы ант берді. 2022 жылғы кезектен тыс сайлауда қайта сайланды. Осы жылдары бірқатар маңызды реформаларды қолға алып, жаңа кезең бастаған саясаткер атанды.

  1. «Сабыр мен салмақ» – Тоқаев стилі

Қасым-Жомарт Тоқаевты шетелдік басылымдар «сабырлы реформатор», «дипломат-президент» деп сипаттайды. Шулы популизмнен гөрі салмақты қадамдармен танымал.

 

  1. Жаңа Қазақстан: Қолға алған реформалары

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде бірқатар маңызды реформаларды іске асырды. Оның басты бағыттары:

  • Саяси реформалар —  Президент Тоқаев саяси жүйені жаңғырту мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді бастады. Бұл реформалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, партиялық жүйені дамыту және көппартиялылықты қолдау бойынша заңнамалық шаралар қабылданды.
  • Экономикалық даму — Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың диверсификациясы мен ауыл шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс деңгейін көтеру бағытында ауқымды жобалар қолға алынды.
  • Құқық қорғау жүйесі реформасы — Президент құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту үшін нақты қадамдар жасады. 2022 жылғы референдумнан кейін Құқық қорғау жүйесінде біраз өзгерістер орын алды, оның ішінде прокуратураның тәуелсіздігін арттыру және полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
  • Әлеуметтік сала — Тоқаевтың басты назарында халықтың әлеуметтік жағдайы тұрды. Ол білім беру, денсаулық сақтау саласын реформалауға, сондай-ақ, зейнетақы жүйесін жақсартуға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруды басты мақсат етіп қойды.
  • Жастар саясаты мен еңбек нарығы — Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың мүмкіндіктерін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар маңызды бастамаларды көтерді. Бұл реформалар жастардың табыс табуға, өз кәсіптерін ашуға бағытталған.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close