Жаңалықтар
«Барселона» Испания чемпионы атанды

«Барселона» футбол клубы 2024/25 жылғы маусымда Испанияның Ла Лигасында мерзімінен бұрын чемпион атанды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
36-турда сырт алаңда «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңгеннен кейін каталониялық команда қарсыластарынан ұпай саны бойынша озып шығып, маусымның аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондықты қамтамасыз етті.
Бұл – «Барселонаның» тарихындағы 28-ші ұлттық чемпиондығы. Каталондық ұжым Испания біріншілігінде соңғы жылдары басты бәсекелесі «Реал Мадридпен» алма-кезек чемпиондыққа таласып келеді.
2024/25 жылғы маусым «Барселона» үшін табысты өтті. Команда Чемпиондар лигасында жартылай финалын дейін жетіп, ½ финалда миландық “Интерден” жеңіліп, жарысты аяқтады. Сонымен қатар, Испания кубогының финалында «Барселона» өзінің ең басты қарсыласы «Реал Мадридті» ұтып, ұлттық кубокты да жеңіп алды.