Жаңалықтар

«Ата-анасы қызын маған бергісі келмеді»: Жігер Ауыпбаев жан сырын ақтарды

Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында тыңдарманына алғаш көргенде ғашық болғанын айтты. Өнер иесі ол аруды туған жеріне концертке барған кезде жолықтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Ол адам менің туып-өскен жерімнен болды. Мен желтоқсан айында сол ауылға концерт қоюға бардым. Сол концертте әрі-бері өтіп жүргенін көрдім. Кеш басталған кезде оны іздей бастадым. Жан-жағыма қарасам, дәл алдымда сол жақта отыр екен. 1,5-2 сағаттық концертті сол қызға қарап айттым. Ол оны байқады. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтуға болады», – деді әнші.

Қыздың ата-анасы мен бауырлары қарсы болған

Концерттен кейін әнші мен бойжеткен әлеуметтік желі арқылы байланысып, жақынырақ араласа бастаған. Алайда Жігер Ауыпбаев олардың қарым-қатынасына бойжеткеннің жақындары қарсы болғанын жеткізді.

«Ол адамды басымда қиын сынақтар болып, қиналып жүрген сәттерімде жолықтырып, көңіл жарастырдым. Қиын сәтте біреудің бір жылы сөзі күш беріп тұрады ғой. Сонда сәтте ол маған демеу болды. Басымыздан көп жағдай өтті. Кейін бәрі жақсы болып келе жатқанда ара-қатынасымызға қыздың ата-анасы мен бауырлары қарсы болды. Сөйтіп екі жаққа кеттік», – дейді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close