Жаңалықтар

Павлодарда үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Павлодар қаласында Махамбет Батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Махамбет Батыр көшесіндегі №2 үйдің ауласында болған. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен тұрғындар ер адамның ес-түссіз жатқанын көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем мен полиция шақыртқан.

Бұл жағдайды Павлодар облыстық полиция департаменті растады.

«М.Батыр көшесі, 2-үй ауласынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар бойынша ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр»,– деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның суицид немесе басқа бір қылмыстық әрекет нәтижесі болған-болмағаны белгісіз. Тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close