Әдебиет

Зейнолла Сәніктің 90 жылдығына орай республикалық «Сөз ғұмыр» байқауы өтті

Фото: ашық дереккөз

«Шәкәрім университеті» мен «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сөз ғұмыр» атты республикалық байқау өткізді, деп жазды qandastar.kz

Ауқымды шығармашылық сайысқа еліміздің 12 жоғары оқу орнынан 20 студент қатысты. Байқаудың басты мақсаты – Зейнолла Сәніктің шығармашылығын насихаттау, қазақ көркемсөз өнеріндегі орнын жастарға таныту, сонымен қатар болашақ қаламгерлердің шығармашылық әлеуетін шыңдау, әдебиетке құштарлығын арттыру болды.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

«Зейнолла Сәнік тағылымы» атты мүшәйра

Зейнолла Сәніктің тарихи шығармаларынан көркемсөз оқу байқауы

«Сөз зергері Зейнолла Сәнік» атты эссе байқауы

Жүлде иегерлері:

Бас жүлде – 500 000 теңге: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Қалиханова Нұрай

І орын – 350 000 теңге: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Секенов Бекарыс

ІІ орын – әрқайсысына 150 000 теңгеден:

Шәкәрім университетінің магистранты Еженхан Талант

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті — Орынбай Жақсыгүл

ІІІ орын – әрқайсысына 75 000 теңгеден:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Құралов Нұрбол

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Талап Нұрай

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Дәуренбекұлы Рамазан

Сайысқа қатысқан барлық студенттер Алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Сонымен қатар, университет қабырғасында «Табысты тұлға дәрісі» айдары аясында Филология жоғары мектебі, Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен үш танымал ғалымның дәрістері өтті:

Өмірхан Әбдиманұлы – ф.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
Тақырыбы: «Ұлылар үндестігі (Абай–Ахмет)»

Гүлжаһан Орда – ф.ғ.д., М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры
Тақырыбы: «Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті»

Анарбай Бұлдыбай – ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы
Тақырыбы: «Сөйлей білу де өнер»

Бұл іс-шаралар қазақ әдебиетін тереңірек тануға мүмкіндік беріп, жастардың шығармашылық ізденісіне серпін берді. Зейнолла Сәнік мұрасы – келер ұрпаққа рухани бағдар, мәдени құндылықтың алтын арқауы ретінде жаңғырып келеді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close