Қаржы және төлемдер

«Байлығымызды ұрлауға ыңғайлы болсын деп бір қолға беріп қойдық»: депутат «Самұрық-Қазына» қорына қарсы шықты

Фото: sk.kz

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz

19 мамыр күні мәжілісте 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі үкімет пен жоғары аудиторлық палатаның есебі таныстырылды.

Талқылау барысында депутат Жұбанов қазақстандық ұлттық компанияларда ешқашан бизнеспен айналыспаған өте бай адамдар жұмыс істейтінін айтты.

«Бір күн болсын кәсіпкерлікпен айналыспаған адамдар бар, бірақ олар өте бай, себебі ұлттық компанияларда жұмыс істейді. Отбасыларының бірде-бір мүшесі жеке бизнеспен айналыспаған, бірақ біз олардың өте бай екенін білеміз. Біз байлығымыздың бәрін бір қолға беріп қойған сияқтымыз – ұрлауға ыңғайлы болсын деп. Жалпы, мен «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне қарсымын. Бұл қор таратылып, бәсекелі ортаға берілуі тиіс. Сіздердің «Самұрық-Қазына» компаниясына қатысты көзқарастарыңыз қандай?» – деп сұрады депутат жоғары аудиторлық палата өкілінен.

 Skifnews.kz ақпарат порталы жазғандай,  палата мүшесі Нұрлан Нұржанов «Самұрық-Қазына» қорына тексеріс жоспарда бар екенін айтты.

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз «Самұрық-Қазына» қорына аудит жүргіземіз. Жоспарымызға сәйкес, тексеріс шілде айында аяқталады, содан кейін біз толық есеп пен ұсыныстарды ұсынамыз. Бұл мәселе бізді де қатты алаңдатады», – деді Нұрлан Нұржанов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close