Жаңалықтар
Шымкентте полиция қызметкері тұтқын әйелді зорлаған

Шымкентте жедел уәкіл түрмеде отырған әйелді зорлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айыптау нұсқасына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде айыпталушы жәбірленушінің камерасына кіріп, анасына қоңырау шалуға апарамын деген сылтаумен оны қоймаға апарған. Сол жерде жәбірленушінің қарсыласуына қарамастан әйелді зорлаған.
Анықталғандай, жәбірленуші әйел болған жағдай туралы бірден хабарламаған. Алайда 2024 жылдың қазан айында Шымкенттегі ҚАЖ мекемесінде медициналық тексеру кезінде әйелдің ерте жүктілігі анықталып, бұл жағдай арнайы тексеріс жүргізуге себеп болған.