Жаңалықтар
Талғарда бір үйге бес жылан кіріп кеткен

Фото: 112
Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында бір үйдің ауласына бақандай бес жылан кіріп кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.
Үй тұрғындары 112 желісіне хабарласып, үйдің ауласында бауырымен жорғалаушылардың жүргенін хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен 5 рептилияны ұстаған. Азаматтарға қауіп төндірмес үшін оларды елді-мекеннен алыс жерге жіберді.
ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Оны өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.