Жаңалықтар

Марста ерекше құбылыс болды

Perseverance зерттеу құрылғысы Марста ерекше құбылысты селфиге түсіріп алды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап.

NASA таратқан мәліметке қарағанда, бұл шаңды құйын роверден шамамен 5 шақырым қашықтықта байқалған.

Селфи суреті – Perseverance-тің робот қолындағы камера арқылы түсірілген 59 кадрдың жиынтығы. Оны жинауға бір сағатқа жуық уақыт кеткен.

Артқы жақта шаңды дүлейдің болуы бұл суретті ерекше, тіпті классикалық етеді, – дейді камераны құрастырушы Malin Space Science Systems компаниясының визуализация маманы Меган Ву.

Суретте марсоход бұрғылаған соңғы сынама да көрінеді. Бұл – Perseverance-тің Марстағы 1500-ші күні, яғни Жер уақытында 1541 күнге тең.

Қазір ровердің үстін қызыл шаң басқан. Бұл – ол бұған дейін көптеген жынысты бұрғылағанының нәтижесі. 2020 жылы ұшырылған аппарат Жерге әкелінуі мүмкін сынамаларды жинап жатыр. Ол Марстағы ежелгі өзен сағасы – Езеро кратерінде жұмыс істеп жүр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close