Жаңалықтар

Жамбылда әкімдер ата-енелеріне жер берген

Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық сайты. 

2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 га жер телімі бау-бақша өсіруге берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 га жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 га жер теліміне құқық алған.

Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындады.

Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close