Әлеумет және қоғам
Желіде Ақнәр Хамиттің жатақханада байбалам салып жатқан видеосы тарады

Фото:
Әлеуметтік желіде марқұм Ақнәр Хамиттің шыңғырып, айғайлап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл видео «Жастар» жатақханасында түсірілген. Қолда бар ақпарат бойынша бұған дейін де Ақнәрдің жағдайы нашарлаған. Талмаға ұқсайды. Бұл видео біреуді айыптау немесе ақтау мақсатында емес, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жарияланып отыр. Құзырлы органдар жағдайды объективті қарайды деп үміттенеміз», — деп жазған видеоны жариялаған автор.