Әлеумет және қоғам
«Қатын мен қазанның қымбаты дұрыс»: Сәкен Майғазиев келінінің қалың малына 5 млн теңге берді

Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде белгілі өнер иесі Сәкен Майғазиевтің қатысуымен тараған бейнеролик көптің назарын аударды. Онда екі жақтың құдалық рәсімде жүздесіп, салт бойынша бірнеше миллион теңге көлемінде қалың мал беріп жатқаны көрінеді, деп жазды qandastar.kz
Желі қолданушылары бұл жайтқа түрлі көзқарас білдіруде.
turkistan.kz хабарлағандай,бірі мұндай көлемдегі қалың малды асыра сілтеу деп қабылдаса, енді бірі танымал әрі тұрмысы жақсы жанұялар үшін бұл қалыпты дүние екенін айтады.
«Менің қалың малыма кезінде 100 мың теңге ғана төлеген», «Аз. Көп емес», «Қанша берсе де жарасып кетсе болды», «Алған, бергенде тұрған ештеңе жоқ» деп жазды желі пайдаланушылары.
Айта кетсек, жуырда Сәкен Майғазиев ұлына үйлену тойын жасағалы жатқанын, салтанатты шараға мыңдаған адам шақырылып, тікелей эфир арқылы көрсетілетінін мәлімдеген еді.