Әлем жаңалықтары
Нариман Құрбанов тағы бір жеңіске жетті

Фото: ҰОК
Сайыста 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов алтын медаль жеңіп алды. Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Финалда Курбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.
Осылайша, ол спорттық гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы атанды.