Жаңалықтар

«Бауырым»: Елдос Сметов пен Хабиб Нурмагомедов қажылықта кездесті

Үлкен қажылыққа барған дзюдодан Олимпиада чемпионы UFC-нің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесіп қалып, біраз әңгімелесті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Әңгіме барысында Елдостың Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовпен бұрыннан таныс болғаны белгілі болды.
«Сіздің әкеңіз Абдулманап аға Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындарына жиі келіп тұратын. Ол кісі Алматыға келгенде танысып, суретке түстік. Ағамыз дзюдоға ерекше жанкүйер болған еді», — деді Сметов.

Өз кезегінде Хабиб те Елдоспен танысқанына қуанышты екенін білдіріп, сәттілік тіледі.

«Көргеніме қуаныштымын, бауырым. Сәттілік!» — деді Нурмагомедов.

Айта кетейік, Абдулманап Нурмагомедовтың «Әке» атты автобиографиясында дзюдо туралы былай деп жазылған:

«Мен кезінде Хабибтің дзюдода қалғанын қаладым. Бұл — олимпиадалық спорт түрі, өзім де ел чемпионы атанғанмын.
Дзюдо — жекпе-жек түрлерінің ішіндегі беделді бағыт. Мұнда қарсыластар ешқашан қайталанбайды, үнемі ауысып отырады. Жалпы алғанда, бұл – әрдайым өсуге мүмкіндік бар күрделі спорт түрі.

Қысқасы, мен Хабибтің дзюдошы болғанын қаладым. Бірақ ұлым аралас жекпе-жекті таңдады».

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close