Жаңалықтар
«Фигурасы түк сәйкес емес»: Подиумға шыққан Қайрат Нұртастың қызы сынға қалды

Сән көрсетіліміне қатысқан Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртастың подиумға шыққан сәті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Іс-шараны сәнгер Назым Қарпықова ұйымдастырып, ол өзінің жаңа топтамасын ұсынды. Подиумда отандық шоу-бизнес өкілдері бой көрсетті. Олардың қатарында әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау да бар.
Оның дефилесі түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен таралып үлгерді. Дегенмен, желі қолданушылары Алаудың образы мен дене пішініне қатысты түрлі пікір білдіруде. Көпшілік оның стилін де, сырт келбетін де ұнатпаған сыңайлы.
“Мынадай фигурамен мен де модель болар едім ғой”, “Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін деген осы”, “Ақшаң болса, окорочка болмақ түгілі страус болсаң да бола береді”, “Фигурасы түк сәйкес емес”, “Мынаның қасында шешесінің фигурасы қыздай ғой”, — деді олар.