Жаңалықтар
Шерзат Полаттың әкесі қайырымдылық жасады

Фото: ашық дереккөз
Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымов ұлының өлімі үшін алған өтемақыны балалар үйіне аударды, деп хабарлайды qandastar.kz
Шерзат Нұрымовтың әкесі Каржаубай Нұрымов 85 миллион теңге көлеміндегі өтемақыны толықтай балалар үйіне аудару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейрман Шекеев хабарлады.
Бастапқыда Нұрымов кісі өлтіргендерден өтемақы алудан бас тартқан. Алайда, заңгерлер оған ақшаны қабылдамау сот үкімінің жеңілдеуіне ықпал етуі мүмкін екенін түсіндірген. Сол себепті ол қаржыны қабылдап, оны қайырымдылыққа бағыттауды шешті.
Нұрымов бұл қаражаттан пайда көргісі келмейтінін, керісінше, оның басқа балаларға көмектескенін қалайтынын атап өтті.