Жаңалықтар
Астанада полицейлер суицид жасамақ болған жасөспірім қызды құтқарып қалды

Армандастар көшесі, 2/3 мекенжайындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатының балконынан кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала секіріп кетпек болған, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жеткен. Көрсетілген пәтерге көтерілген олар карниздің шетінде тұрған қызды байқады. Полицейлердің үйлесімді әрі батыл әрекеттерінің арқасында қызды дер кезінде қолынан ұстап, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Анықталғандай, қыз кәмелетке толмаған. Қазіргі уақытта ол тиісті психологиялық көмек көрсететін мамандарға тапсырылды.