Жаңалықтар
«Келмей жатып төрге шығып алған»: Сәкен Майғазиевтің жас келіні тағы да елдің сынына ұшырады

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жаңа түскен келіні тағы да елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Тойдан кейін Шымкентке әжесінің батасын алуға келген Сәкеннің келіні сынға ұшырады.
Әжесінен жоғары отырғаны көпшіліктің көңілінен шықпай: “Келе салып төрге шығыпты ғой”, “Әжеден жоғары отырғаны несі?”,- деп пікірлерімен бөлісуде.