NEET жастары

Өскемендік жұмыссыз жастарға мүмкіндік!

Өскемен қаласындағы Зерек орталығында 2 тамыз күні «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбында кездесу өтті. 

Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында ұйымдастырылды. Онда NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері қарастырылады.

NEET санатындағы жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, оларды дамыту идеяларын талқылап, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлерін зерттеп, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.

Іс-шараның мақсаты — жастарды жігерлендіру, ынталандыру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Кездесудің басты спикері — Өскемен қаласында «Алтын Ұя» зияткерлік білім беру орталығының негізін қалаған кәсіпкер Ерлан Байжігіт. Оның кәсібінің Өскемен қаласы бойынша 4 бөлімшесі сәтті қызмет етіп тұр. Кездесу барысында ол білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарға мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларын дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

«Кәсіп түбі нәсіп дегенді қазақ бекер айтпаған. Неге десек, бүгінде жұмыссыз жастардың дені көбейіп кетті. Өкініштісі көпшілігінің дипломы бар, біліктілік құжаттары бар. Соның өзінде істерге жұмыс таппай жүр. Алайда осындай жағдайда ешкімге бағынбастан өзіңнің жеке кәсібіңді дөңгелетер болсаң, оасымен жүйелі түнде жұмыс жасаған адамға бизнес қашан да өзінің жемісін береді. Сол себепті, мемлекеттік қазіргі тағайындап жатқан қайтарымсыз грант, бастамаларды қолдау деген сынды жеңілдіктерін пайдаланып өз кәсібіңді ашуыңа болады. Дұмыс жасаймын, өсемін, өркендеймін деген адамға, сөзсіз екі қолға бір күрек табылады» деді Ерлан мырза.

Сонымен қатар, пікірталас халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлер палатасы, жастар ресурстық орталығы сынды мекемелердің қатысуымен өтті. Оның ішінде Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры — Айдос Әділбекұлы Әділбеков, Өскемен қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ біліктілігі жоғары маманы – Гүлнар Марксқызы, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы – Айгүл Марксқызы Шакирова белсене қатысты.

 

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар мәселесі және қай саланы белсенді дамыту керектігі, кәсіпкердің бойына қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close