Жаңалықтар

Астаналық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Астанадағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жанайым Рашит Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлады  Qandastar.kz ақпарат порталы.

«Бұл қуанышты жаңалық — тек Жанайымның қажырлы еңбегі мен білімге деген ынта-жігерінің, мақсаткерлігінің жемісі ғана емес, сонымен қатар бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаздары мен қолдауын аямаған ата-анасының да зор еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

Жанайым Жанибекқызы алдағы үлкен өмір жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілеймін! Еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастары қатарынан көрініп, ел үмітін ақтай беріңіз!», — деп жазды Қасымхан Сенғазыұлы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close