Жаңалықтар
Қаныш Сәтбаевтың немересі өмірден өтті

Фото: facebook.com
Еліміздің ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан, дара тұлға, химия ғылымдарының докторы, ғалым Қаныш Сәтпаевтай ұрпағы Әлима Қайнекейқызы Жармағамбетова өмірден озды. Бұл туралы Ғылым және жолғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды, деп хабарлады Qandastar.kz ақпарат порталы.
«Өткен аптада Қазақстан ғылымы орны толмас қазаға ұшырады. Әлима Қайнекейқызы – химия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының Катализ және электрохимия институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды.
Әлима Жармағамбетова ұзақ жылдар бойы Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтында түрлі лауазымдарды абыроймен атқарды. Соңғы жылдары органикалық катализ зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды. Ол инженерден институт басшысына дейінгі жолды жүріп өтіп, ғылымға шынайы берілгендігін көрсетті», — дейді Саясат Нұрбек.
Ол жүздеген шәкірт тәрбиелеп, магистранттар мен докторанттарға «Кинетика және катализ», «Экологиялық катализ», «Мұнай химиясы», «Полимермен тұрақтандырылған наноқұрылымды катализаторлар» сынды пәндер бойынша дәріс оқыған.