Жаңалықтар

Даниал Ахметовтың күйеу баласы «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымын иеленді

Фото: railways.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы бос лауазымын төраға міндетін уақытша атқарушы ретінде Ерлан Қойшыбаев иеленген, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан темір жолы» бастығының орны әлі бос. Ресми тағайындау болған жоқ. Қойшыбаев бұл қызметті уақытша міндетін атқарушы ретінде ішкі тәртіпке сай иеленді –мысалы, егер басқарма төрағасы демалысқа шыққанда да, дәл солай Қойшыбаев оның орнына уақытша міндетін атқарушы болар еді», – деп мәлімдеген агенттік дереккөзі.

ҚТЖ бастығы міндетін уақытша атқарушы атанған Ерлан Қошыбаев – Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазақстан темір жолын» таяуда көлік министрі болып тағайындалған Нұрлан Сауранбаев басқарған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close