Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының гуманитарлық көмек қабылдау пункттері жұмысын бастады

Бүгін «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті. Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.

Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.

«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын, Қостанай-Біз біргеміз!»,-деді ол.

«Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек», – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.

Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек і жиын пункттеріне келіп түсуде.

Гуманитарлық көмек жинау пункттерінің мекенжайлары
Аймақ Қала Мекенжайлар
    1. Абай облысы Семей Шайжүнісов көш., 138
    2. Ақмола облысы Көкшетау Әуелбеков көш., 117
    3. Ақтөбе облысы Ақтөбе Тургенев көш., 86
    4. Алматы облысы Қонаев 1 шағын аудан, 13
    5. Атырау облысы Атырау Әйтеке би көш., 79а
    6. Батыс Қазақстан облысы Орал Молдағалиев көш., 19
    7. Жамбыл облысы Тараз Сүлейменов көш., 1
    8. Жетісу облысы Талдықорған Қонаев көш., 47
    9. Қарағанды облысы Қарағанды Әлиханов көш., 4
10. Қостанай облысы Қостанай Гоголь көш., 111
11. Қызылорда облысы Қызылорда Жақаев көш., 15а
12. Маңғыстау облысы Ақтау 17 шағын аудан, 50/1
13. Павлодар облысы Павлодар Кривенко көш., 25а
14. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл Абай көш., 15
15. Түркістан облысы Түркістан Мұсабек көш., 2а, коворкинг орталығы
16. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен Қайсенов көш., 121
17. Ұлытау облысы Жезқазған Ғарышкерлер көш., 35
18. Нұр-Сұлтан Тәуелсіздік даңғылы, 3
19. Алматы Абылайхан көш., 79, коворкинг орталығы
20. Шымкент Бейбітшілік көш., 3

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close