Жаңалықтар
«Баян Мақсатқызының жобасы»: Кәмшат Жолдыбаева күйеуімен қалай танысқанын айтты

Коллаж: SN.kz
Белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен қалай танысқанысқанын оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқырманының «күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?» деген сұрағына жауап берді.
«Баян Мақсатқызы таныстырды… Дәлірек сол кісінің жобасы», — деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлы бірнеше жыл бұрын Баян Мақсатқызы продюсерлік еткен «Рауза. Сакураның гүлдері» сериалына түскен болатын.