Жаңалықтар

“Израиль билігі мені өлтірмек болды”. Иран президенті шұғыл мәлімдеме жасады

Иран Президенті Масуд Пезешкиан Израиль билігі оған қастандық жасамақ болғанын, бірақ сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Иә, олар (қастандық жасауға — ред.) әрекет етті, бірақ сәтсіздікке ұшырады», — деді Иран президенті америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.

Президенттің айтуынша, қастандық әрекеті шамамен бір жарым апта бұрын жасалған. Ол АҚШ-тың бұл іске еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Қастандықтың артында Израиль билігі тұрғанын нақты айтты.

«Мен сол уақытта жиналыста болдым. Біз алдағы қадамдарымызды талқылап жатқан едік. Израильдіктер өз тыңшыларынан алған барлау мәліметтеріне сүйене отырып, біз болған ауданға соққы бермек болды. Бірақ адам өмірі — Алланың қолында. Серіктестерім сияқты мен де Иранның тәуелсіздігі мен егемендігі жолында жанымды беруге дайынмын», — деді Иран президенті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close