Жаңалықтар

«Анасымен бірге жүрген адамдарға қызығамын»: Абай Бегейдің қызы марқұм анасын еске алып жылап қалды

Әнші Абай Бегейдің қызы дүниеден өткен анасын еске алып, көптің көңілін босатты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сымбат Абайқызының сөзінше, анасының қайтқанына 10 жыл толған.

«Мама, Бүгін сенсіз өткен оныншы жылым… Сені қатты сағындым. Саған ешкім тең емес… Сенің берердей жұлуыңа ешкім тең жетпейді… Анасымен бірге жүрген адамдарға қатты қызыға қараймын… Жылаймын, ойлаймын, сағынамын күні-түні… Сенің келмейтініңді біле тұра… Ешкімге көрсетпеуге тырысамын.
Кейде өзіңді бір құшақтағым келеді… 10 секунд болса да, осы өткен сенсіз 10 жылым сол бір құшақты талап етеді, мам…
Сен маған керексің. Сенсіз қиын маған бұл әлемде. Дем алу да, күліп жүру де. Мама, мені ешкім ренжітпейді. Қасымда қорғаным әкем, жұбанышым күйеуім, жақындарым бар. Еш уайымдама. Өмір болғаннан кейін бәріміз мәңгі емеспіз, Аллаға қайтушымыз. Жәннәти болшы анашым, Алладан сұраймын», — деп жазды ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close