Жаңалықтар
Бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен жігіт өлі табылды

Қостанай облысында 2024 жылдың күзіне қарай із-түзсіз жоғалған 24 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz. «Регион-10» еріктілер жасағына сілтеме жасап.
1999 жылы туған Насиф Магеррамов 2024 жылғы 21 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
«Ол жоғалған 21 қыркүйек күнінен бастап оны туған-туыстары, полиция, еріктілер және біз – волонтерлер іздедік. Біз үмітімізді үзбеген едік, бірақ, өкінішке қарай, бұл оқиға қайғылы аяқталды. Бүкіл жасақ атынан отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Насиф туралы жарқын естелік жүрегімізде сақталады. Іздеу жұмысына атсалысқан, ақпаратпен бөліскен, бейжай қарамаған әр адамға алғыс айтамыз. Бір-біріңізге қамқор болыңыздар», – деп жазды «Регион-10» еріктілер жасағы өздерінің Instagram парақшасында.