Жаңалықтар
«Дастарханның үстінде»: Ұлының тұсауын кескен Төреғали Төреәлі сынға қалды

Әнші Төреғали Төреәлі екінші ұлының тұсауын продюсері Жан Мұқановқа кестірді. Бұл туралы журналист Айгүл Мүкей мәлім етті, деп хабарлады Qandastar.kz.
«Алланың қалауымен кенже баламның тұсауын кестіреміз. Толқын екеуміз оны бірауыздан Жан мырзаға кестіреміз деп ниет қылған едік. Жағымпаздық бойымызда, қанішерлік қанымызда жоқ», — деді әнші видеода.
Өнер иесінің баласы рәсім кезінде микрофонды таңдады.
Желі қолданушылардың бірі ақ тілектерін жазса, бірі дастарханның үстіне кескеніне таңданыс білдіріп, сынады.
«Тамақ ішетін үстелдің үстіне тұсау кескенде бірінші рет көруім. Адамдар ойына келгенін істейтін болды ғой», «Ұлыңыздың қадамы құтты болсын», «О заманда бұ заман дастарханның үстіне тұсау кесу қалай кетті. Үлкен кісілер не қарап тұр?!», «Тұсауын біржолата бастарыңа отырғызып, кеспедіңдер ме?!», «Жарайсың, әкең сияқты тамаша әнші бол!», «Аяғынан нық басып, өмірді нық қадаммен басып жүрсін», — деп жазды олар.