Жаңалықтар
24 жастағы жігіт Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, өртемек болды

Фото: ашық дереккөз
Бүгін таңғы сағат 8-дер шамасында Астанадағы министрліктер үйінде, дәлірек айтсақ, 11-кіреберісте өрт шықты. Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігінің ғимаратына кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған, – деп хабарлайды qandastar.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
– Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт шығарған 24 жастағы азамат анықталып, оны полиция қызметкерлері ұстады. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндірген. Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.