Жаңалықтар

«Тас-талқаны шықты»: Жұлдыз Әбдікәрімова жөндеу жұмыстарынан шаршағанын айтып ашуланды

Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында үйінің жөндеу жұмыстарына көңілі толмай жатқандығын айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Әнші жақында ғана үлкен үй алып, жөндеу жұмыстарын бастағанын хабарлаған болатын.

Аяғы ауыр болса да бұл істің басы-қасында жүрген ол аяқ астынан жөндеу жұмыстарының ойдағыдай іске аспай жатқанына көңілі түсті.

«Мынау бір ремонттың мен жоспарлаған уақытта бітпейтініне көзім жетті. Тым жақсы басталған жөндеу жұмыстарының бүгін берекесі қашып, күл-талқаны шыққаны ма? Қалайша? Қай жерден қате кетті? Нені өткізіп алдым? — деген түрлі сұрақтар туындады», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Әбдікәрімова  оқырмандарын өздерінің жөндеу жұмыстары кезіндегі оқиғаларымен бөлісуді де сұрады.

«Ойлай берсем ойдың түбіне түсіп кетейін деп тұрмын ғой, так что бүгін ештеңе ойламай жәй сіздердің қызық оқиғаларыңызды оқиыншы», —  деді өнер иесі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close