Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Жайық өзенінен 18 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды

Индербор кентінде 9 шілде күні сағат 5:30-да 18 жастағы бойжеткеннің белгісіз бағытқа шығып кеткені жөнінде аудандық полицияға хабарлама түсті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Ақжайыққа сілтеме жасап.
Оның көпірдің үстінде кетіп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
10 шілде сағат 15:30 шамасында Жайық өзенінен қыздың мәйіті табылып, шығарылды.
Полиция сараптама тағайындап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.