Жаңалықтар

Саясат Нұрбек: Педагогикалық білім берудің жаңа моделі және 30 жаңа білім беру бағдарламасы Қазақстанда Финляндия мамандарымен бірлесіп әзірленді

ОКҚ брифингінде Ғылым және жоғары білім министрі жоғары білікті педагогтарды даярлау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып өтті. Министрдің айтуынша, 2026 жылға қарай педагогикалық кадрларға деген қажеттілік 100 мыңнан астам мұғалімді құрайды.

«Педагогтарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс жылдан жылға артып келеді. Білім гранттарының орташа құны 3 есеге артып, 1 млн теңгеге жетті. Бүгінгі таңда 17 отандық ЖОО-ның 110 оқытушысы жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша арнайы оқудан өтті, 25 жобалық команда құрылды. Сонымен қатар Финляндия университеттерімен бірлесіп, педагогикалық білім берудің жаңа моделі және 30 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға, инклюзивті білім беруге және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен жұмыс істеуге, CLIL тәсілдемесіне, STEM тұжырымдамасына, пәнаралық байланысына баса назар аударылды. Жаңа білім беру бағдарламаларын келесі оқу жылынан бастап оқу процесіне енгізу жоспарлануда», — деді С.Нұрбек.

Сонымен қатар педагогикалық ғылымды дамыту үшін ЖОО оқытушыларына педагогикалық бағыттар бойынша квоталар бөлінеді. Олар «Болашақ» бағдарламасы бойынша және «500 ғалым» жобасы аясында білім алып, тағылымдамадан өте алады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close