Жаңалықтар
Елдос «Колобок» Байқошқарованы сынға алды

Фото: instagram.com/eldos_kalabok
Блогер, асаба Елдос Кәдірханов жеке басына қатысты ақпарат айтқан медицина маманына жауап берді, деп жазды qandastar.kz
Ол осы жағдайдан кейін әйелін жұбата алмай отырғанын айтты.
«Перизат ханым, сіз бізді емдеген жоқсыз, біздің операцияда болған жоқсыз. Бірақ кабинетте, дәрігерлер отырған жерде айтатын әңгімені әлеуметтік желіде айта салдыңыз. Сол сіздің үлкен қателігіңіз болды. Себебі халықтың бәрі дәрігер емес. «Елдос сияқты ұрығы жоқ бедеу жігіттер көп келеді бізге, күнделікті жасалатын операция» дедіңіз. Операция жасалмай, бедеу деген диагноз қойылмайды. Дәрігерсіз, оны біліп тұрсыз. Дәрігерлік құпия, медициналық этика деген неге жоқ? Мен ол клиникада тегін емделген жоқпын. Ел қатарлы ақшасын төледім», — деді Елдос Кәдірханов.
Айта кетейік, «Экомед» клиникалар желісінің басшысы Салтанат Байқошқарованың сіңлісі Перизат Байқошқарованың әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған еді. Алайда маманның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай, сынның астында қалды.