Жаңалықтар
Астанада тұрғын үй өртенді

Оқыс оқиға Астана қаласы Керей Жәнібек хандар көшесінде болды, деп хабарлайды Qandastar.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Керей Жәнібек хандар көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде алтыншы қабаттағы пәтердің балконы жанды. Құтқарушылардың күшімен 6 ш. м. аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! — делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр.