Жаңалықтар

Танымал әнші UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегордың жалаңаш суреттерін жариялаған

фото: Dia Dipasupil/Getty Images. Суретте: Конор Макгрегор

АҚШ-тың рэп орындаушысы Азалия Бэнкс Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында (бұрынғы Twitter) өзіне UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық ММА жекпе-жек шебері Конор Макгрегордың қысым көрсеткенін айтты, деп хабарлайды  qandastar.kz   Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, Конор Макгрегор оған интимдік сипаттағы суреттерін жіберген. Бұл мәлімдеме Конор Макгрегордың туған күнімен тұспа-тұс келді. Бэнкс осы фотолардың бірқатарын өз парақшасында жариялап, кейін өшіріп тастағанымен, кейбір спорттық басылымдар оларды сақтап үлгерген.

Бэнкстің сөзінше, Макгрегор оған бұл жазысқандарын ешкімге көрсетпеуді бұйырып, қоқан-лоқы жасаған. Ол бұл әрекеттерді «онлайн қысым» деп сипаттады.

«Сен маған сексуалдық қысым көрсетіп, артынша ешкімге айтпа деп қоқан-лоқы көрсетпексің бе? Қымбаттым, сен Ираландия президенті болғың келіп жүр емес пе?» – деп жазды Азалия Бэнкс.

Қазіргі уақытта Конор Макгрегор бұл айыптауларға ешқандай пікір білдірмеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button