ДенсаулықЖаңалықтар
Қазақстандықтар қай дәрілерді көп сатып алатыны белгілі болды

Фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі елде ең көп сатылған дәрілерді атады, деп жазды Qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу арқылы ашық бақылауға қол жеткізген.
“Енді әр қаптаманың қозғалысын өндірістен сатуға дейін бақылауға болады. Бұл тұтынушылар үшін қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, қазақстандықтардың қашан және қандай препараттарды сатып алатыны туралы нақты деректерді талдауға мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше ең көп сатылатын таңбаланған препарат – парацетамол, оның 3 миллионға жуық пакеті сатылды. Әрі қарай, сату саны бойынша натрий хлориді, этил спирті, ацетилсалицил қышқылы және Цитрамон П.
“Бір жылдың ішінде барлығы 417 млн дәрілік заттың қаптамасы таңбаланған, бұл нарықтың 60%-дан астамын құрайды. Олардың ішінде 252 млн – импорттық препараттар, 165 млн қаптама Қазақстанда өндірілді”, – деп