Жаңалықтар

Алматыда пойыздың төбесіне шыққан баланы тоқ соқты

Фото: ҚТЖ

Оқиға 19 шілде күні сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында болған, деп жазды Qandastar.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған бала (15 жаста) вагон төбесіне шығып, тоқ соғып, денесін күйік шалған.

Оқиға болған жерге жедел медициналық көмек бригадасы жетті. Бала тірі, оған медициналық көмек көрсетілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ» теміржол қаупі жоғары аймақ екенін еске салады. Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез-келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», – делінге хабарламада.

Оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close