Жаңалықтар

Алматы тұрғыны итін турникке байлап, азаптаған

Алматыда жануарға жасалған тағы бір қатыгездік қоғамның ашуын туғызды, деп жазды Qandastar.kz Qumash telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ер адам итін турникке тұрғызып, алдыңғы аяқтары мен мойнын мықтап байлап қойған. Өзі жаттығуға кірісіп кеткенде, ауырсынғаннан қыңсылап, дірілдеген итке еш көңіл бөлмеген. Оқиға куәгерлері араша түскенде, ол айқайлап, адамдарды қорқытқан.

Полиция келген соң қожайын бұл — тазы тұқымы, бір жасқа толған, сондықтан «жаттықтырып, созу керек» деп ақталған.

Дегенмен, Полиция департаменті оған әкімшілік жаза тағайындалғанын хабарлады, бірақ нақты қандай жаза екені айтылған жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close