Жаңалықтар

«Мен әлсіздерді ұрмаймын, ренжітпеймін»: Қуат Хамитов Асхат Тағыберген жайлы айтты

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 17-турында «Тобыл» мен «Ақтөбе» кездескен. Осы матчтан кейін «Тобыл» ойыншысы Асхат Тағыберген «Ақтөбе» жанкүйерлерінің қысымына шыдамай эмоция білдірді, деп жазды Qandastar.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ашуға бой алдырған аяқдоп шебері жанкүйерді «Бірге-бір келші, келе алмайсың ғой» деді. Осы сәттің видеосы желіде тарап, оқырман арасында қызу талқыға түсті. Бұл видеоның астына пікір жазғандар арасында аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та бар.

Ол алдымен «Базар жоқ» деп жазды. Сосын желі қолданушылары Қуатқа Асхатпен жекпе-жекке шықса, шамасы жетпейтінін айтқан.

«Мен әлсіздерді ұрмаймын, ренжітпеймін», — деді аралас жекпе-жек шебері.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close