NEET жастары

Жұмыссыз жастарға өзін-өзі дамыту тұрғысынан курс өтті

"Адырна" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен онлайн курс өтті.

Курс спикері белгілі психолог Жарас Сейітнұр қатысушы жастарға психологиялық дағдыларды үйретті.

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсыры аясында, “Адырна” және “Ақ тілек” қоғамдық қорының серіктестігінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға жұмыссыз жастар, бітіруші студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болмақ.

Іс-шара спикерлері «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және кәсіп пен оқуда жетістікке жеткен, еңбекқор Қазақстанға белгілі тұлғалары мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөліседі.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.

Кездесуге барлық жастарды шақырамыз. Ұлттық руханият пен әлемдік өркениетті дамытуға үлес қосып, қолдау білдіруіңізді сұраймыз.

Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна»

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close