Әлеумет және қоғам

Жазаны қатаңдату: Президент медицина қызметкерлерінің ұсынысын қолдады

Фото: Freepik

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне күш көрсететіндерге жазаны қатаңдату туралы ұсынысты қолдады, деп жазды qandastar.kz президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды.

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.

Президент үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады», — деп жазды Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close